Өткен жылы ОҚО еңбек инспекторлары 23 млн. теңге қазынаға құйған

183

Өткен жылы облыста 4 мыңнан астам еңбек заңдылығы бұзылған фактілер орын алған. 1335 мекемеге тексеру жүргізу барысында 23 млн. теңге өндірілген. Бұл мәліметті былтырғы жылды қорытындылаған облыстың бас еңбек инспекторы келтірді. Медициналық әлеуметтік сараптама қызметі де осы жиында есебін түгендеді.

Оңтүстікте 10 мың адамның ішінде 40-қа жуығы мүмкіндігі шектеулі жандар. Былтыр мүгедектердің қатары 267 адамға көбейген. Бүгінде облыстағы мүмкіндігі шектеулі жандардың 30 пайызы жүрек қан тамыры ауруларының зардабынан болса, одан кейінгі орында жарақат алу жағдайы көптеп тіркелген.

Ал еңбек инспекторларының былтыр тындырған тірлігі көп. 1335 мекемені тексеру нәтижесінде ондағы анықталған заңбұзушылықтардан 23 млн. теңге қазынаға құйылған. Дегенмен, басты міндеті қарапайым жұмысшылардың құқын қорғайтын инспекторлар жүктелген ауыртпалық көбейіп отыр.

Бастар Әуелханұлы бұл мәселенің әлі министрлікте көтерілетінін мәлімдеді. Ал Елбасының кешегі жолдауында айтылған кадрларды қысқарту бойынша әзірге нұсқау келіп түспеген. Дегенмен, қай штатты қысқарту жұмыс берушінің құзыретінде.