Үрмелі аспаптар оркестрі неге жастар арасында сұранысқа ие емес?

909
Үрмелі аспаптар оркестрі

Үрмелі аспаптар оркестрі жастар сұранысына ие бола алады ма?

Бұл сұраққа жауапты облыстық филармонияның ұжымы беруге тырысты. Олар ең алдымен жастарға оркестрдің құрылымын таныстырды.

Сонымен… Классикалық әуендерге қызықпайтын жастар үшін бұл өнер түрі таңсық болуы мүмкін. Құлақтары ойнақы әуендерге үйренген олар, десе де үрмелі оркестрді жақсы бағалап, мұқият тыңдады.

Ақжарқын Дүйсенбиева, №8 гимназия-мектебінің оқушысы: «Рас, мен үрмелі оркестр тұрмақ, оркестрде орындалатын әуендерді тыңдамаймын. Өйткені ол жастар арасында сән емес, оны тыңдап отырсам көштен қалып қоятындай сезінемін».

Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның жанында тұрақты жұмыс істейтін музыкалық лекторияның кезекті сабағы «Біз үрмелі аспаптар оркестрі туралы не білеміз?» тақырыбында өрбіді. Ашық тәрбие сағатының қонақтары қаламыздағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-гимназияның оқушылары болды. Ал сабақтың көркемдігін қалалық мәдениет бөлімінің үрмелі аспаптар оркестері кіргізді. Түрлі танымдық сұрақтар мен сазды әуенге толы кешке қатысқан, әрбір жас үрмелі оркестр жайлы толық мәлімет алды.

 Сыдық Абубакиров, музыкалық лектор: «Кез-келген ел өз болашағын сеніп тапсыратын жастарын, жан-жақты тәрбиелеуде аянып қалмайды. Сондықтан, олар саз әлеміне келгенде, үрмелі оркестр туралы біліп тұрғандары жақмы. Мұндай сабақ бізде, жиі өткізіліп тұрады. Бүгінгі ұрпақтың білімді болғаны дұрыс-ақ».

Филармонияда ай сайын екі мектепке осындай ашық сабақтар ұсынылады екен. Бұл жас толқынды тәрбиелеуге үлкен үлес қоспақ. Тек концерт беріп қана қоймай, болашақ тәрбиесіне де бет бұрған ұжымның алға қойған мақсаты жаман емес. Десе де, залдағы 380 орынға жайғасқан әрбір жас көрермен есті болса болғаны.

Айгерім Абдіжалил,№8 метептің оқушысы: «Мен кішкентайымнан осындай классикалық әуендерді тыңдағанды ұнатамын. Бүгінгі кешке келіп, бір демалып қалдым».

Осылайша сазды әуеннің аясында үрмелі оркестрдің құрылымымен танысып шыққан жастар, әнді үрмелі оркестрден тыңдау да жат дүние еместігін тілге тиек етті.