Конституция күніне орай форум өтті

357

Ата заң – өркендеу мен тұрақтылықтың кепілі. 30-тамыз – Конституция күніне орай облыстық филармонияда үлкен форум өтті.

002Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Әз Тәукенің «Жеті жарғысынан» бері дала заңымен үндесіп келе жатқан Тәуелсіз елдің конституциясы бейбітшілігіміз бен бірлігіміздің, берекелігіміздің кепілі десті жиналған көпшілік. Саяси тұрақтылық пен ішкі тыныштықты сақтауды мақсат тұтқан Ата заңымыздың қабылданғанына биыл 19 жыл. Жиында сөз алған азаматтар Конституцияның арқасында татулық пен бірлігі жарасқан ел болуға шақырды.