Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында жеке кәсіпкерлердің жұмыстарын заңсыз тексерулер жиі орын алады. Бұған көп жағдайда құқығынын білмейтін кәсіп иелерінің өздері жол береді. Мұны бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстық басқармасында өткен семинар-кеңесте мамандар айтты.
Кәсіпкерлерді заңсыз тексеруден қорғаудың бірден-бір кепілдігі — прокуратура органдары болып табылады дейді оңтүстік кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері. Ал кәсіпкерлікті қолдауда «Атамекен одағының» ролі де айрықша екен. Ал олар өз кезегінде прокуратураның кәсіпкерлерді қорғауға қолдау жасап отырғанына ризашылықтарын білдірді.
Нұржан Мамытов, Оңтүстік кәсіпкерлер қауымдастығы басқарма кеңесінің төрағасы: «Кәсіпкерлердітексеруде прокуратура тарапынан заңсыз тексерулер анықталды. Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жасалған әрекеттеріне рахмет айтамын».
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстық басқармасы прокурорлары өткен жылы кәсіпкерлерді заңсыз тексерудің 120 дерегін анықтаған. Сондай-ақ, басқосуда прокуратура өкілдері кәсіпкерлерді тексерудегі заңдылықтарды түсіндірді.
Жиын барысында заңсыз тексеруді анықтауда прокуратураның атқарар ролі туралы да кеңінен айтылды.