15-ақпан Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылған күні

1570

Бүгін Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 23 жыл толды. Мемлекеттің тапсырмасын орындауға 22 мыңнан астам қазақстандық аттандырылды. Олардың 1000-ға жуығы оққа ұшса, 21-нің қайда екендігі бүгінге дейін беймәлім күйінде қалып отыр. 10 жылға созылған қантөгіске жерлестерімізде қатысып ерлік көрсетті.

Күні кеше соғыс даласындағы қантөгісті 17-18 жасында, яғни бозбала шағында көрген жастар бүгін ардагерлер. Елге олардың бірі денсаулығынан айрылып оралды. Ал тіпті бірінің денесі табытпен қайтты. Олардың рухына тағзым ету, ал басы аман, бауыры бүтін көзі тірілеріне құрмет көрсету ұрпақ парызы. Қала әкімінің орынбасары Бахадыр Нарымбетов 2-ші дәрежелі «Айбын» орденін Жангелді Махашовқа берді. Серғали Рысбеков пен Кенжебек Дюсупов «ҚР-на 20 жыл» медалімен мадақталды. «Батыр шапағаты медалін 11 ардагер төсіне тақты. Ал тағы 6 ауған соғысының жауынгеріне қала әкімінің алғыс хаттары салтанатты түрде берілді.

10 жылға созылған ауған соғысында адам шығыны аз болған жоқ. Оларды Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен теңестіру жәйі қоғамда ұзақ уақыт талқыланды. Дегенмен бұл қантөгіс тарихта өзіне лайықты бағасын алған жоқ дейді Жангелді Махашев.

Бүгін өткенді еске алу күні. Гүл шоқтарын қоюға келген жастардың жүрегінде патриоттық сезімді ояту. Кешегі соғыста антына адал болғандар кейінгі ұрпағына үлгілі болар-ау. Тек өткен күндер салған жара жазылмайды, оның үстіне көрсетілген көмек те мардымсыз.

Нұрлан Тұрсынбеков, Ауған соғысының ардагері: «Бізге Кеңес үкіметі кезінде аздап көмек көрсетілген. Одан кейін ондай айтарлықтай көмек жоқ. Денсаулығымызда мықты емес. Жер беріп көмектескенде болар еді».

Марапаттау, құттықтау. Айтулы датаға орай мерекелік шаралар дәстүрлі түрде жалғасты.