Төтенше жағдай 4 ақпан күні сағат 13.06-да мектептің екінші қабатындағы кабинеттердің бірінен шыққан. Қызыл алау білім ошағының 20 шаршы метрін қамтыған. Тілсіз жауды ауыздықтауға мамандар 50 минут уақытын жұмсаған.
Құтқарушылардың қарбалас жұмысының нәтижесінде 97 адам қауіпсіз жерге көшіріліпті. Олардың 93-і балалар. Ал қызыл алауды сөндіруге өрт сөндіру қызметінің арнайы құрамындағы 20 адам мен 5 техника жұмылдырылған.