29-ақпан ән падишасы Шәмші Қалдаяқовтың өмірден озған күні

386

29-ақпан ән падишасы Шәмші Қалдаяқовтың өмірден озған күні. Компазитор 1992 жылы 62 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан көз жұмған еді.

Бүкіл қазаққа ән салдырған сазгердің шығармаларының сырын ұғынуға облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін адамдарға арналған кітапхананың оқырмандары талпынды. Мүмкіндігі шектеулі жандар арнайы компьютердің көмегімен Шәмші әнін жазған өлеңдердің теріп, жаттап шағын сахнада шырқады.

Орындаушылар сазгердің шығармалары терең сезімге,сырға толы, сондықтан әнді тек жүрекпен шырқау қажет дейді.

Кеште кітапхана қызметкерлері Қалдаяқовтың «Сағынышым менің», «Ана туралы жыр», «Дүнген қызы», «Мойынқұмда ауылым» атты әндерінің тарихы жайлы айтып берді. Сонымен бірге таланатты жандар Шәмшінің танымал шығармаларын орындады.