Megalab

Шымкентте жеті атаңызды әп-сәтте анықтап беру қызметі  пайда болды.

Қазіргі таңда, әкелікті анықтау тесті қатты дамып жатқандықтан, сіздің не Шыңғыс ханның не Бірінші Петрдың туысы екеніңізді айқындау қиын емес. «Мегалаб» зертханасында шынайы әрі ашық қорытындыға қол жеткізуге болады.

Шежіреде көрсетілмеген кейбір мәселелерді ДНК генеалогиясы ашуға көмектеседі. Бұл мүмкіндікті оңтүстікқазақстандықтар да қолдана алады. Мұны тек ДНК тестін тек «Мегалаб» зертханасында жасауға болады.

ЖАНСАЯ САРСЕНБАЕВА: » ДНК тестінен өту өте оңай. Ол үшін беттiң iшкi жағын арнайы мақталы шыбықпен жүргізсе болғаны. Оны өз алдына немесе бізде жасауға болады».

Дмитрий өз шежiресін анықтауды әлдеқашан армандаған. Бiрақ арғы аталары туралы сұрайтын ешкім болмапты. Десе де Дмитрий бұл істі соңына дейін жеткізуге бел буды.

 Дмитрий: «Менiң арғы аталарымның туылған жылы белгісіз. Олар қайдан келген, қайда туылған деген сұрақтарға да жауап жоқ. Сондықтан мен осы орталыққа келіп, арнайы тест тапсырып, өзімнің ата-бабамды анықтауға бел будым».

Туыстықты анықтау қиын болса да, оның өмірдегі маңызы зор.

 Мархабат ДУНАЕВ: «Қазақта жеті атасын білу міндеті бар. Ол салт. Егер жеті атаңды жақсы білсең, ол туыстық отбасын құруға жол бермейді. Сонда барып, сенің қаның таза болып, бала-шағаңның дені сау болады».

Мегалаб зертханасының арнайы сайты арқылы немесе 8 800 080 50 10 телефоны арқылы генетикалық зерттеудің анық-қанығын білуге болады.