Депутаттар Шымкент базарларындағы саудагерлермен кездесті

359

Құрамында қалалық мәслихаттың 7 депутаты және «Нұр Отан» ХДП мүшелері бар арнайы комиссия қаладағы ең үлкен сауда орталығы «Бекжан» базарына және ең көне «Базар» АҚ-нда болды. Бір реттік талонның құны жоғары деп шағым жазған саудагерлердің басым бөлігі осы екі базарда.

Сатушылардан салық алу оңай емес қаңтар мен ақпан айлары сауда саттықтың баяу жүретін мезгілі, оның үстіне бір жолғы талонның құны 2012 жылдың алғашқы айынан бастап көтерілді. «Бекжан» базарындағы ең басты қиындық саудагерлердің жалға алған орындарының көлемі үлкен. Ал одан бір жолғы талонның ережесі арқылы салық талап етсең, оның құны қыруар теңгені құрайды. Бір жолғы талон тарату орталығы мамандарындағы басты қиындық осы.

Осылайша, бір жолғы талонның құны бекітілген кезде кейбір мәселелер ескерілмеген болып шықты. «Базар» АҚ болған халық қалаулылары біріншіден сауда орнындағы тазалыққа таң қалды. Әр сатушыға шақталып бөлінген шаршы метрлері қатаң сақталған. Сатушылар да салықтың өскеніне аса қарсылық таныта қоймапты. Тек қыс алымсаттықтың төмен болатын уақытындағы жағдай ескерілсе дейді.

Қала аумағындағы үлкенді кішілі 4 базарда болып саудагерлердің және бір жолғы талон тарату орталығы мамандарының пікірін тыңдаған жұмысшы топ талай мәселеге қанық болғандай. Дегенмен, құн туралы қабылданған шешім жан жақты болса деген ниетпен көлік және айқайы көп мал базарына бармақ.

Естеріңізде болса, 28-ақпан күні депутаттар «Самал» және «Қазыбек» базарларында саудагерлермен кездескен болатын. http://kz.otyrar.kz/2012/02/28/deputattar-bazarda%D2%93y-saudagerlerdi%D2%A3-zha%D2%93dajjymen-tanysty/