«Ferrum Vtor» тағы бір цехпен толықпақ

672

«Феррум Фтор» ЖШС-інің басшылығы өндіріс аумағын кеңейтуді жоспарлар отыр. Таяуда ғана кальций селитрасы цехын іске қосқан кәсіпорын аммоний көмір қышқылы тұзын өндіретін цехты іске қоспақ. «Қазатомпром» Ұлттық Компаниясымен жүргізілген меморандумға сәйкес жаңа цех биыл сәуір айында өз жұмысын бастайды деп жоспарлануда.

Сөйтіп көпсалалы «Феррум Фтор» ЖШС-і ауылшаруашылығы өнімдеріне арналған тыңайтқыштардың түрін көбейтпек ниетте. Бұл дегеніңіз тағы да 150 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады дейді кәсіпорындағылар.

«Біз өз өндірісіміздің ауқымын кеңейту мақсатында «Қазатомпром» Ұлттық компаниясымен меморандумға тұрдық. Енді жылына 14 мың тонна аммоний көмірқышқыл тұзын өндіретін боламыз. Негізі аммоний көмірқышқыл тұзының ауылшаруашылығына әсері мол,»-дейді цехтың бас технологы Еркін Өтембаев.

Әлемді ең алып мемлекеттерін еңсертіп тастаған қаржылық дағдарыстың, нарық талаптарының қандай қыспақтары болса да, бәсекеге қабілетті болу үшін «Феррум Фтор» өз өндірісінің ауқымын көбейтіп, әмбебап кәсіпорын болмақ. Жоспарда талай тірлік бар.

«Бұл жоба «Қазатомпром» ұлттық компаниясымен бірге қолға алғалы жатқан жоба. Сондықтан да біз қажетті құрал-жабдық, қондырғыларды сайлап қойды. Цех ашылса, келешкте 150адам жұмыспен қамтамасыз етіледі»-дейді «Феррум Фтор» ЖШС-ның директоры Серғазы Беркімбаев.