«Изуми» СЖ-де ұтыс лотереясы өтті

232

«Изуми» сауда жүйесі сатып алушыларға тамаша тарту жасады. Ғашықтар күнін клиенттерімен бірге тойлаған изумилықтар сыйлыққа жомарттық таныта білді. Бишілер мен сиқыршылар өнері «Изумидің» қонақтарына шашу болды. Дәл ғашықтар күні купон иелері арасында ұтыс лотереясы өткізіліп, оларға 30-дан астам сыйлық берілді.

ИРИНА Бычкова, «Изуми» сауда желісінің әкімгері: «Біз клиенттерімізге қашанда сый жасауға әзірміз. Валентин күні де, сәуірдің 17-не белгіленген Ғашықтар күні де біздің назарымыздан қалмайды. Мерекелік көңіл-күйді көтеру үшін жеңілдіктермен қоса, осындай салтанатты ұйымдастыруды жөн деп таптық. Әулие Валентин күнімен барлық ғашықтарды құттықтаймыз».

Айдана Алпысбаеваның ата-анасы алдыңғы аптада ғана «Изумиден» сәнді киім сатып алған. Алғашқы боп әлемдік брендің бұйымын ұтып алған бойжеткен сауда желісіне дән риза. Сондай-ақ «Изумидегі» салтанатқа жиналғандар арасында қызықты ойындар өткізіліп, оза шапқандар отыз түрлі сыйлыққа ие болды. Жұбын жазбаған жұптар арасында өткізілген жарыста Ольга мен Виктор Федоровтар жеңімпаз атанып, арнайы сыйға ие болды.

Айдана Алпысбаева, «Изуми» СЖ-нің клиенті: «Мен бірінші рет осындай ұтыс лотереясына қатысып отырмын. Бірінші боп, брендтік сыйға ие болғаныма қуаныштымын. «Изуми» дүкендеріндегі киімдер өзіме ұнайды».

Шымқалалықтарға «Изуми» сауда жүйесі тағы да тосын сыйлар әзірлеуде. Әрбір мереке аталмай қалмайды дейді дүкен әкімшілігі.

Ирина Бычкова, «Изуми» СЖ-нің әкімгері: «Біз 23-ақпанда ерлер қауымына, 8-ші наурызда қыз-келіншектерге арнайы сый дайфындаудамыз. Дәл қандай екенін айтуға әлі ерте. Тосын сый болсын».