Күнкөріс деңгейіміз 15 817 теңгені құрады

292
Күнкөріс деңгейі

2012  жылдың қаңтар айындағы күнкөрісі деңгейі 15817 теңге болған.

Бұл көрсеткіш халықтың азық-түлікке жұмсаған шығынымен есептелген. 2012 жылдың алғашқы айының көрсеткіші 1,3 пайызға өскен, ал бұл көрсеткіш 2011 жылдың қаңтар айында — 8 пайыз болған. Бұл туралы ҚР статистика агенттігі хабарлап отыр.

Күнкөрістің шығынын есептейтін болсақ, ет пен балыққа — 23,4 пайыз, сүт, май, тұқым өнімдеріне — 16,8 пайыз, көкөніс пен жеміске -9,6пайыз, нан өнімдеріне -8 пайыз, шекер, шай және тағы да майда шүйдеге — 2,2 пайыз жұмсалады екен.

Ал 13 жасқа дейінгі балалардың күнкөрісі -12 670 теңге болса, кәмелет жасқа толмағандар, яғни 17 жастағыларға -15 339 теңге, одан үлкендерге -20 019 теңгені құрап отыр.  18 жастан үлкендердің кұнкөріс деңгейі — 18 806 теңге, ал әйелдер -14 933 теңгеге шықса, зейнет жасындағылар — 14 835 теңгеге күн көре алады.