Көпқабатты үйлерді жөндеу міндеті пәтер иелеріне жүктелді

308

«Нұр Отан» партиясының ОҚО филиалында облыс орталығындағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелерін шешу жолдарына арналған дөңгелек үстел өтті.

Тозығы жеткен үйлерді жөндеу қажеттігі туындаған тұста тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңарту мен дамытудың 2020 жылға дейіні бағдарламасы қабылданды. Оны  жүзеге асыру Шымкентте былтыр басталды. Бағдарламаға сәйкес  күрделі жөндеу кондоминимум нысандары болып есептелетін үйлерге жүргізіледі.

Әбдімәлік  Балбаев, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту  орталығының ОҚОФ директоры: «Бағдараламада көрсетілгендей, 3 хаттама түзіледі. Бірінші, кондоминимум үйдің тұрғындары  үйлерінде нені бірінші кезекте жөндеу  қажеттігін өздері шешеді. Үй комитеті төрағасын да өздері сайлайды. Екіншіден, жұмыстарды жүргізетін мердігер компанияларды таңдап, олар атқаратын жұмыстардың  техникалық негіздемесін  сараптамадан өткізеді. Үшіншіден, тұрғындар әрбір пәтер иесінің үлесін анықтайды».

Жергілікті билік жаңғырту бағдарламасын пайдаланып, орталық көше бойындағы үйлерді жөндеуден бастады. Тәукехан даңғылы бойындағы 12 қабатты үйде күрделі жөндеу жүргізілуде. Алайда, қазірдің өзінде құрылыс сапасына сын жетерлік.

Татьяна Литуновская, тұрғын: «Жөндеу жұмыстарынан кейін проблемалар басталды. 2010 жылы жылу жүйесіндегі тіреуіш құбырларды алмастырған едік. Қола крандарға тимеңдер деп едік, оны жұмысшылар шойынды темірге алмастырыпты. Сужелі және кәріз жүйесі жаңалауды қажет етеді деп едік. Оған ешкім құлақ аспады. Біз, тұрғындарға безендіру жөндеу емес, ақауларды реттеу жөндеу жұмыстары керек».

Былтыр күрделі жөндеу жұмыстарына бірінші кезеңінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 120 млн. теңге, ал екінші механизм бойынша облыс әкімдігімен  343 млн. 750 мың теңге қаралды. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының жүзеге асырылуын енді «нұротандықтар» қадағалайды.

Қалыйма Жантөреева. НұрОтан ХДП ОҚОФ төрағасы бірінші орынбасарының міндетін атқарушы: «Партия, «Нұр Отан» фракциясы бағдарламаның орындалуын, қаржының жұмсалуын және  бағдарламаны қаржыландыру әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынан ба, әлде облыстық әкімдігі тарапынан жүргізілетіні тиімді ме екендігі тексеріледі. Күрделі жөндеуден өткен үйлердегі  құрылыстың сапасы тексеріледі және жөндеу  жүргізілетін үйдің проблемаларына да көңіл бөлінеді».

Пәтерлерін жекешелендіріп алған тұрғындар үйдің жер төлесі мен шатырын жөндеуге қауқарсыз. Ал жаңа бағдарламаға сенім жоқ. Осылайша тұрғындар өз пайдасын түсінбей, ал жергілікті билік оны насихаттай алмай жүргенде ақауы мол үйлердің іргетасы сөгіліп, жөндеуге келмей қалады ма деген қауіп те жоқ емес.