Шымкентте көпқабатты 30 үй жөнделеді

279

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық Қазорталығының құрылғанына бүгін тура бір жыл. Осыған орай коммуналдық сала мамандары жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруда атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Тұрғын үй коммуналдық шаруашалығын жаңғырту бағдарламасы аясында қаладағы Тәукехан даңғылында 6 үйде жөндеу жүргізілді. Олардың 3-уін жұмыс комиссиясы қабылдады, енді мемлекетттік комиссияның сараптауынан өтуі тиіс. Биыл Шымкент қаласында «Тұрғын Үй» ММК 20 үйді жөндеуді көздеп отыр.

Нұрлан Төрежанов, Тұрғын үй МКМ ЖШС-нің директоры: «20 үйдің 10-ның жобалық-сметалық құжаты дайын. Енді  үй  комитетінің төрағалары, тұрғындармен бірге мердігерлер таңдаймыз. Сосын жөндеу жұмыстарына кірісеміз».

Шымкент қаласында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртумен Шымкент әлеуметтік -кәсіпкерлік корпорациясы айналысады. Жыл соңына дейін корпорация Абай ауданындағы тозығы жеткен және орталықтағы жалпы алғанда 15 үйді жөндеуден өткізуді жоспарлауда.

Мейірхан Өміров «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бас менеджері:   «Былтыр 6 үйді жөндеуіміз керек еді. Алайда Оңтүстік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясында қайта құру іс шарлары жүргізілгендіктен жұмыстар кешеуілдеп қалды. Биыл енді сол жұмысты аяқтауға тырысамыз».

Егер қаржыландыру толық іскем асса, жыл соңына дейін қалада 35 үй жөнделіп, жаңаланады.