Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданы ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне 30-қаңтар күні суық хабар келіп түскен. Сол күні кешкі сағат 20:00 шамасында Жангелдин көшесінің бойында орналасқан кафелердің бірінің алдында тұрған автокөлікте пышақ сұғылған жарадан қайтыс болған бір азамат табылған.
Тексеру нәтижесінде ол азаматтың 1970 жылы туғаны және азият ұлтынан екенін анықтаған. «Матиз» көлігінің артқы орындығында көкірек тұсына тығылған пышақ салдарынан ер азаматтың қайтыс болғаны да анықталып отыр.
Араға төрт сағат салып, Әл Фараби аудандық полиция бөліміне облыстық ауруханаға 1988 жылы туған азаматтың пышақ салдарынан алған жарақатымен түскенін хабарлайды. Екі жәбіршегуші азамат түркіменстандық екен. Бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен туркіменстандық жас жігіт, яғни 1988 жылы туған, 2-курс студенті ұсталған. Күдіктіден екі бірдей пышақ алынған. Ол өз күнәсін толық мойындап отыр. Оның айтуынша, жатақханада басталған өзара ұрыстың салдарынан оларға пышақ сұғып алған.
Аталған факті бойынша, ҚР Қылмыстық кодекстің 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ұсталған азамат қамауға алынып, тағы да қосымша тергеу жұмыстары жүргізілуде.