Демалыс күні батырдың есімі берілген әскери мектеп-интернатының студенттері бұл күнді арнайы атап өтті. Ұлы отан соғысы кезінде ерлік танытқан отандасымыздың батылдығын оның ізбасарлары үлгі тұтып, бүгінде бір қатар кітаптар да жарық көрген. Ұлтының ұлы, Қазығұрттың жерінде дүниеге келген.
Әли Бектаев, ОҚО әкімінің орынбасары: «Халқымыздың тарихында талай соғысты бастан кешірді халқымыз. Сол қиын заманда елдің ішінде талай ерлер, батырлар шығып, осы елдің бейбітшілігі тәуелсіздігі үшін өзінің жанын пида еткен азаматтар көп. Солардың көпшілігі елбасының саясатының арқасында ескіргеніміз жаңарып жатыр, өлгеніміз тіріліп жатыр. Осыған Аллаға мыңда бір шүкіршілік етуіміз керек. «
Қариялар жағы Сабыр Рахымовтың ерлігін еске алса, сарбаздар әскери маршпен алаңда жүріп өтті. Бір минуттық үнсіздік те, ән және өлеңдер де естен шықпады. Жыл сайын батырдың туылған күнін шымкенттіктер осы оқу ордасында атап өтеді. Бұл күні де бір қауым ел жиналды. Олардың арасында генерал-майордың туыстарымен әскери өмірді таңдаған сарбаздардың ата-аналары да жиналды. Елім деп жүрегі соққан мұндай азаматтардың есімі мәңгі өшпеуі тиіс дейді кешке жиналған жерлестеріміз.
Елік Дүйсебек, Сабыр Рахымовтың туысы: «Әзілхан Оспанов алғашқы рет 1930 жылы газет беттеріне Қазығұрттың қыраны деп Сабыр Рахымовты жазған. Өзбек пе, әлде қазақ па екеніне ол заманда таласқа түсу қиын болатын. Ол кезден бері көптеген сөздер жүрді. Ал САбыр Рахымов қазақтан шыққан алғашқы генерал-майор. Сол себепті оның есімі мәңгі өшпеуі тиіс».