Қала мектептерінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптары қалай сақталған? Шымкент қалалық ТЖБ-ның мамандары осы мәселе бойынша білім мекемелеріне тексеру жүргізуді бастады. Бұдан бөлек олар мектеп оқушыларының арасында өрт тілсіз жау атты танымдық сабақтар өткізетін болады.
Асанбай Асқаров атындағы №77 мектепте шыққан өртті сөндіруде ТЖБ өрт сөндіру қызметінің мамандары бірәз әбіржіді. Өйткені, білім ошағында өрт сөндіру құралдары толық жабдықталмаған.
Нұржан Сәметов, Шымкент қаласы ТЖБ бас маманы: «Жауапты қызметкердің аты жөні жазылуы керек, өрт сөндірушіге хабарласатын телефон номері жазылмаған. Оның үстіне текпешектің астына орналаспауы керек өрт сөндіруші құралдар».
Бұдан бөлек, гидранттардағы судың қысымы талапқа сай келмейді. Ол дегеніміз көліктерді қайтадан сумен толтыруға мүмкін болмайды. Өрт бола қалған жағдайда мектептегі материалдық шығын мол болады дейді мамандар. Құдай сақтағанда бүгінгі оқиға ТЖБ жаттығуы болатын.
Еркебұлан Тасқараев, Шымкент қаласы ТЖБ бас маманы: «Жоқ дегенде 2 атмосфералық қысым болуы керек. Мына мектепте 1 ге де жетпейді. 0,5. Біріншіден, бұл мемекеттік мекеме; Екіншіден 1 гидрант үлкен қоғамдық орынға жетпейді. Өрт бола қалған жағдайда, шатыр жанса,адамдарды құтқару қиынға соғады».
Мектеп басшылығы өз міндеттеріне жауапсыз болғанымен, мұндағы оқушылар өрт тілсіз жау екендігін және оның алдын алу шараларын жақсы біледі екен. «Өртпен күресейік» атты ТЖБ мамандарының ұйымдастыруымен өткізілген сабақты жақсы меңгеріп, шығарма жазған бірнеше оқушы мақтау қағаздарымен марапатталды.
Ажар Сейітқазы, №77 мектеп оқушысы: «Өрт тілсіз жау деген тақырыпта шығарма жазыдым. Ағалар мақтау қағазын берді. Рахмет».
Білім ошағындағы осындай жауапты жаттығуға қатыспай өрт сөндіру құралдарын жабдықтауға немқұрайлық танытқан мектеп директорына әкімшілік шара көріледі. Ал ол өзге мекемелерге сабақ болуы тиіс дейді мамандар.