Науқастар кезек күтпейді

Денсаулық сақтау министрлігі ең үздік деген емханаларды анықтап берді. «Кезексіз емхана» байқауының қорытындысы бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін 35 ұйым жеңімпаз болып танылды. Олардың ішінде біздің Шымкенттегі үш бірдей медициналық мекеме бар.

№6, 5 , қалалық орталық емханаларға адам көп келеді. Бұл орайда өршіген тұмаудың үлесі тағы бар. Бірақ мұншалықты науқас көп келгенімен, дәрігерлер кабинетінде де, тіркеу бөлімінде де кезек жоқ. Денсаулық сақтау министрлігінің амбулаторлық-емханалық көмек көрсету байқауы бойынша үздік деп танылған 35 медицина мекемесінің арасында осы үш емханамыз науқастарға қызмет көрсету жағынан алда болды.

Жібек Сейдалина, Шымкент қалалық емханасының бас дәрігері: «Қабылдау бөлімінде консультативтік, диагностикалық кеңес берліп, кабинеттерге жіберіледі. Бұл науқастарды бір тәртіпке үйретеді. Өздеріне де ыңғайлы, сағаттап кезекте тұрмайды».

Насиба Ходжабуллаева үшін алдын ала жазылу өте ыңғайлы. 69 жастағы анаға ұзын сонар кезекте тұру қиынға соғады екен. Бүгін ол дәрігер қабылдауына 4 минуттың ішінде кіре алды.

Насиба Ходжабуллаева: «Емханаға келгенде талон аламыз. Кезекте тұрмаймыз. Дәрігер қабылдап, дәрімізді алып кетіп бара жатырмыз».

Емханаға келушілердің бетпердемен қамтылуы, олардың дене қызуының көтерілгенін байқау,-бұл әкімшінің қызметі. Ол сырттан келген адамды қарсы алып тұрады. Бұл уақыт талабы, жаңашылдық.

Баян Искакова: «Дене қызуы көтеріліп келгендерге бетперде береміз. Дәрігер бар. Тексереді. Өздері үй жағдайында емделмейді».

Фильтр бөлмесінде дене қызуын, қан қысымын өлшеп, Жұқпалы респераторлы вирустық инфекция мен гриптің алғашқы белгілерінің бар-жоқтығын тексереді.Тұмау өршіген маусымда көп науқастар дәрігер маманды үйге шақырады. Сонымен қатар, емхананың өз сайты да бар. Онда дәрігердің көмегімен үйден шықпай-ақ сауығуға мүмкіндік бар.