Қазгидромет ОҚО-да күннің күрт жылынуы күтіліп отырғандығын ескертіп отыр.
ОҚО-да 26 ақпанда күннің күрт жылынуы күтіліп отыр, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен, Қазгидрометке сілтеме жасап.
«26 ақпан күні күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында күн райының +8-13 градусқа дейін жылынуы күтіліп отыр», — деп ескертеді синоптиктер.
Құтқарушылардың ақпараты бойынша, 24 ақпан күні Іле Алатауындағы Кіші Алматы өзені бассейнінің № 26 асуында қардың алдын ала түсірілуі ұйымдастырылған. Түскен қардың көлемі 4 мың текше метр болды. Тау бөктерінде қар көшкіні тоқталды, зиян келтірілген жоқ.