10 күннің ішінде полиция ОҚО-ның тұрғындарынан тіркелмеген 266 бірлік оқ қаруын сатып алды.
Тіркелмеген оққаруларын сатып алу акциясы 1-ақпаннан басталған болатын. Заңсыз сақталған қару, оқ дәрі, жарылғыш заттарын өткіземін деген азамат ішкі істер органдарының қалалық аудандық бөлімдеріне арыз жаза алады.
ОҚО ІІД республикалық бюджеттен бұған 37 625 000 теңге бөлінген.
10 күн ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында тұрғындар өз еріктерімен ішкі істер органдарына 266 оқ қаруын тапсырды, деп хабарлады ОҚО бойынша ІІД-нің баспасөз қызметінен.
«Акция басталғалы 10 күн ішінде полиция қызметкерлері заңсыз сақталған 266 қаруды сатып алды. Оның 218-і тегіс оқпанды, 47-сі иір ойықты және біреуі травматикалық қару», — деп мәлімдеді ІІД-нің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.
Сондай-ақ ол ең көп қару, атап айқанда 76-сы тегіс оқпанды және 14-і иір ойықты қару Шардара АІІБ-не тапсырылғандығын айтты. Мақтаарал ауданының тұрғындарынан қарудың 59 бірлігі жиналды, 6 қару иір ойықты болып табылады. Барлық тапсырылған қару, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар кәдеге жаратылатын болады.
Халықтан тіркелмеген қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы 1 айға дейін жалғасады.