ОҚО шекарашылары заңсыз тауарлар тәркіледі.
Жетісайлық шекарашылар аудан аумағындағы қазақ-өзбек шекарасы бойында ірі көлемдегі түрлі заңсыз тауарларды тәркіленді. «Оңтүстік» аймақтық шекара басқармасының шекарашылары бұл тауарларды өткізілгелі турған жерінен қолға түсірген. Тауарлардың көптігі соншалық, олар үш бірдей КАМАЗ жүк көлігіне әрең сыйған.
Шардара ауданынан Қызылорда облысына қарай 2 шақырым жер шөлейтті аумаққа жатады. Бұл аймақтағы шекара тек арнайы бағандар мен шағын бекеттермен ғана белгіленген. Яғни көрші Өзбекстанмен арадағы шекараны айқындайтын басқа белгілер жоқ. Сондықтан да болар, бұл аймақта екі ал арасындағы заңсыз тауар тасымалы өршіп тұр. Ал шекараға таяу орналасқан «Мергенбай» елдімекенінде шекарашылар жөнелтуге дайындап қойған заңсыз тауарлар партиясын тапты.
Көзге онша түсе бермейтін үйлердің бірінде жиналған мына қорапта кондитер өнімдері мен азық-түлік тауарларының алуан түрі бар. Бұлардың бәрі бір ірі супермаркетте бір жыл бойы сатылатын тауарлар. жасырын қоймада әрқайсысы 7 киолограмм болатын 1193 қорап конфет, 203 қорап шоколад және басқа да тәттілер салынған 392 қорап жиналыпты.
Табылған заңсыз тауарлардың арасында шопандарға арналған жабдықтармен қатар электронды таразы, тіпті тауарлардың радиациялық деңгейін тексеретін аспаптар да бар. Жалпы салмағы 10 тоннадай болатын 1800 қорап пен парфюмер өнімдері салынған 11 қап та осы бір ғана қоймада жасырылған болып шықты. Бір бұл ғана емес, сол аймақты жан-жақты тексеру барысында заңсыз тауар сақталған тағы бір жасырын қойма табылған. [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Hozj6ofIa_4&list=UUfxVhVdN9E8mkrN50DjJYFg&index=42&feature=plpp_video[/youtube]