Рұқсат етілген орындарға «ақысыз автотұрақ» деген белгі қойылды

567
ақысыз автотұрақ

Жол жиегін ақша табу көздеріне айналдырған алаяқтарман күрес басталды. Қала әкімдігінің ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мамандары қала орталығындағы автокөлік қоюға рұқсат етілген орындарға ақысыз автотұрақ деген белгілер орнатуды бастады. Бүгінге дейін 6 жерге сондай тақтайша ілінді.

Алайда, орынға ілінген тақтайша әп-сәтте-ақ жоқ болды. Әрине күн сайын осы жерге келіп тоқтаған көлік жүргізушілерінің қалталарын қағып жүрген алаяқтарға жергілікті билік тосқауыл қойды. Мемлекет мүлкін пайдаланып, оңай жолмен ақша табу әрекеттерін қайта жалғастырыпты. Келесі нүктедегі ақысыз тұрақ деген жазуды, әлдебіреулер көзден таса етуге тырысыпты.

Бірнеше мәрте берілген ескертуге құлақ аспағандардың ісімен енді полицейлер айналысатын болады. Әкімдіктің өкілдері хаттама түзіп, оны құқық қорғау органдарына жібермек. Өткен жылы қала әкімдігі шахардағы көлік қозғалысын реттеу мақсатында 64 жерге уақытша автотұрақ, 45 такси тұрағын ұйымдастырған болатын. Сол себепті қолдарына ала таяқ ұстағандарға ақша төлемес бұрын оның заңды заңсыздығына қол жеткізген жөн.