Рақымшылық заңына іліккен үкім шықты

255

Бүгін мамандандырылған қылмыстық сотта рақымшылық заңына іліккен тағы бір үкім шықты.

Облыстық сотта Шымкенттің бір колледжінің студенттері үстінен қозғалған іс аяқталды. Олар тонау мен адам өміріне қауіп төндіргені үшін айыпталған болатын.

Агроколледж студенттері ҚР ҚК-нің бірнеше бабымен айыпталды. Айыпталушылардың бірі — Әуезбаев-тонау мен бұзақылық, Сұлтанмұрат Худоушкуров-қаруды заңсыз сақтап, адам өміріне қауіп төндірген.

Өткен жылы Шымкент пен Сайрам студенттері арасында қақтығыс орын алған болатын. Оқиға былай болған.

Райымхан Заппаров, мамандандырылған қылмыстық сот төрағасы: «Шымкенттен студенттер Тассайдағы агроколледжге келіп, жанжалдың барысында қару алып, атып жіберген. Атылған оқ бір студентке тиіп, ауыр дәрежеде жарақаттанса, екінші оқ басқа бір жігіттің қолына тиген».

Біреудің қалта телефонын алып қойып, нәтижесінде топтық төбелестің себепкері болған жауапкер Әуезбаев сот залынан босатылды. Ал Худоушкуров ұзақ мерзімді жазасын өтеу үкімі тағайындалды. Ұсталған азаматтың алғашқысына бұзақылық және тонау әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл орта дәрежелі қылмыстық санатына жататындықтан, жауапкер рақымшылық заңына ілігіп отыр.

Айыпталушылар 15 күн ішінде сот шешіміне шағымдана алады. Осы мерзім аяқталғанда сот актісі заңды күшіне енеді.