Рақымшылық заңына сәйкес тағы да 4 адам бостандыққа шықты

248

Ізгілендіру бойынша туберкулезден емдеу түзеу коллониясынан 4 адам бостандыққа шықты. Сот шешімі он-лайн режимінде шығарылды. Рақымшылық заңына іліккен 4 адам ИЧ 167\2 түзеу мекемесінде скайп арқылы сот шешімін тыңдады. Сотталушы Оразбек Сарбозов ұрлық үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сол мерзімнің 1 жыл 4 айын темір тордың ар жағына өткізіп үлгерген ол рақымшылық заңының арқасында бостандыққа шықпақ. Ол өкпе ауруының ең ауыр түрімен науқастанан. Сондықтан да темір торда ұзақ отыру да денсаулығына кері әсерін тигізуде. Сот процесінде ол зорға отырды.

«Мен 1-рет рақымшылық заңына ілініп отырмын. Менің жасым да алпысты алқымдап қалды. Енді ойланар белестен астым. Бостандыққа шыққан соң немен айналысатындығымды ойланып жүрмін. Қызылорданың түлегімін. Мені қарындасым күтіп алады,»-дейді бостандыққа шығар алдында О.Сарбозов.

Туберкулезден емдеу түзеу коллониясында бүгінде 400 адам отыр. 26 адам Рақымшылық заңына іліген. Түзеу мекемесі бастығының орынбасары майор Айдар Нұрсейітов: «Рақымшылық заңымен бостандыққа шығарылатындар сот үкімінен соң-ақ колониядан шығарылады».