Шардара су қоймасының бүгінгі жағдайы мамандар назарында

298

Ағын судың арыны әсіресе Ордабасы, Қазығұрт, Бәйдібек аудандарында қатты білінді. Мамандардың айтуынша аталмыш аудандардың елді мекендері арқылы өтетін бір ғана Арыс өзеніне кешегі күні секундына 80 текше метр су жіберілген. Соған қарамастан жаңбыр мен қар суы арнадан асып, бірнеше үйлерге қауіп төндірді. Оңтүстік сушар мамандары бұл жағдайды судың канал сыйымдылығынан бірнеше есе артық болғанынан деп түсіндіреді.

Кешегі күнгі жаңбыр мен қар суының әбігері жыл сайын қайталанбас үшін биылдан қалдырмай су жүретін арналарды көбейтіп, қосымша каналдар салынуы керек. Себебі каналдардың сыйымдылығы аз. Дәлірек айтқанда, Найман арықтан секундына 7 текшеметр су ағуы тиіс болса, кешегі күні секундына 35-40 текшемтр су келген. Алдағы уақытта әлі де келеңсіздіктерге тап болмас үшін осы бастан шара қолдану керек дейді мамандар.

Сондай-ақ Шардара су қоймасының бүгінгі жағдайын да мамандар назарында ұстап отыр. Ал ол жерде бүгінде 1502 текше метр су келіп жатыр. Ал кешегі күні Шыршық өзенінен Сырдарияға 170, Бозсудан 70, келестен 40 текшеметр су артық түскен. Оған жергілікті аймақтағы еріген қар мен жаңбыр суы да қосылып отыр.

Шардара су қоймасының апатты жағдайдан сақтау шаралары Алматы қаласында өткен көршілес 5 мемлекеттен құрылған арнайы комиссия отырысында талқыланған екен. Ол басқосудан Қырғызстан мен Өзбекстаннан жіберілетін судың көлемі қанша болатынын да айтылған.

Келешекте әр 10 күн сайын қалыптасқан жағдай бойынша нақты су жіберу кестесі бекітіліп отырады. Ал бұл мәселелер ауылшарушылығы министрлігі мен су ресурстар комитетінің, басқа да құзырлы органдардың назарында болады.