Шымкент қаласының әкімі Әл Фараби ауданы тұрғындарымен кездесті

353

Елбасының тапсырмасымен түрлі деңгейдегі әкімдердің халық алдына шығып бір жыл бойы жасаған жұмыстары туралы есеп беру кезеңінің басталғанына биыл 7 жыл. Осы уақыт аралығында еліміздің эканомикасы өрлеп, халықтың әл ауқаты да көтерілді. Көпшіліктің билік басындағыларға айтар ұсыныс тілектері де өзгерді. Оны биылғы әкімдердің есебінен де анық байқауға болады. Шымкент қаласының әкімі бүгін өзінің кезекті есебін берді.

Абай ауданы тұрғындарымен кездесіп кеше ғана олардың оң бағасын алған Шымкент қаласының әкімі бүгін Әл Фараби ауданы тұрғындарымен жүздесті. Жиын алдында қала тұрғындарынан әкімнің жұмысы жайындла сұраған болатынбыз.

Қала тұрғыны: «Арман Жетпісбаевтың жұмысы дұрыс жолда деп ойлаймын. Жұмыс жасап жатыр. Қаламыз жақсы жағынан өзгерді».

Қала тұрғыны: «Көңілім толады, жақсы. Өзгеріс көп. Қала көшелері таза бұрыңғыдай ыбырсыған жоқ».

Қала халқының Жетпісбаев Арман Шәріпбайұлының жылдық жұмысына берген бағасы осы. Есептік жиын басталмас бұрын филармония алдындағы көпшілік арасынан әкіммен жеке тілдескісі келгендер де табылып жатты. Әрине қашан да қарапайымдылығымен көрініп жүрген Арман Шәріпбайұлы олардың айтарына құлақ түрді.

Жасыратындығы жоқ қала аумағы күн санап ұлғайып келеді. жаңа шағын аудандарға қоса көршілес аудандардан қосылған елді мекендердегі инфрақұрылымды жақсарту қажет. ол қала әкімінің ең басты мақсатының бірі. Сайрам ауданынан Шымкент қаласының аумағына өткен Тұран ауылының тұрғындарының тілегі соған дәлел.

Өмірбек Батырбек, Тұран шағын ауданының тұрғыны: «Бұрын Тұран елді мекені Сайрам ауданына қарайтын. Соңғы 2-3 жылда қалаға кіргізілді. Бізде газ, су құбылары кіргізілген. Бірақ, су да, газ да әзірге жоқ «.

2010 жылдың бюджеті 40 млрд, 2011 бюджеті 53 млрд теңге, ал биылғы қала қоржыны одан да жоғары инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 2.5 млрд тенге бағытталған. Бұл қаржыға 11 елді мекенге таза ауызсу жүргізілетін болады. Нәтижесінде 52 мыңнан астам жерлестеріміз сапалы су ішеді.

Арман Жетпісбаев, Шымкент қаласының әкімі: «Әл Фараби ауданындағы Боозарық 1,2,3 ауыз су тартуға 1 де 1 млрд. теңге қаржы қаралды.  Сонымен қатар, қалалық бюджеттің есебінен, Оңтүстік магистралді су құбырының құрылысына 80 млн. теңге бөлу жоспарланған. Бұл нысан қаланың оңтүстік бөлігіндегі елді мекендерін толық ауыз сумен қамтуға мүмкіндік береді».

Кездесу барысында қала әкімі Арман Жетпісбаев атқарған жұмыстарымен бірге алға қойған жоспарларымен де бөлісті. Көпшіліктен келіп түскен сауалдардың бәріне толық қанды жауап беруге тырысты. Ал халықтың оған берген бағасы оң болды.