Шымкент қаласы Әл Фараби ауданының әкімі халық алдында есеп берді

303

Әл Фараби ауданы әкімінің  есебі «Айқап» шағынауданында өткендіктен сұрақтардың басым бөлігі осындағы мәселелерге қатысты болды. Ирригациялық жүйе тұрғындардың жүйкесін жұқартқанын аға буын өкілдері жеткізді.

Тұрсынбай Бейсенбаев, шағынауданның тұрғыны:» Мақатаев көшесіндегі   автобустар алаңшасындағы жер асты құбыры толып қалып, одан  аққан су Жүсіп көшесі жолына жайылып,  жағымсыз иісті айтсаңызшы».

Қабылжан РЫСБАЕВ, шағынауданының тұрғыны: «Бамда  кәріз жүйесі мүлдем істемейді, жоқ десе де болады. Ал қалай болса салынған көше бойындағы лотоктарға су жиналмай, толассыз жауын-шашында су  аулаға ағып, үйлерді құлатқан кезі де болды.  Тағы бір мәселе 21 автобус сайла кезінде жүрді. Білмеймін оны әкімдер мен үміткерлер бе жүргізгенін».

Галина КИМ: «21 автобус мүлдем жүрмейді. Күткеніме  жарты сағат болды, енді 24-ке отырып, қалаға жетемін».

Осыдан 30 жыл бұрын бой көтерген елдімекенге Түркістан шағынауданы қосылды. Қалаға қатынау қиын деген тұрғындар аялдаманы да қарастыру қажеттігін көтерді.

Тұрсынбай БЕЙСЕНБАЕВ, шағынауданның тұрғыны: «Рысқұлов Дулати көшелерінің қиылысынан БАМ-ға дейін  дәріхана ма, әлде  Мерей тойханасының алдына аялдама орнатылса».

«Айқапта түйіткілге айналған мәселелердің бірі пластикалық құбырлардың аязда қатып қалуы»,- дейді Парниковая көшесінің тұрғыны Жәнібек Шәмшібеков.

Алайда шағынауданда біршама игі істер былтыр жүзеге асты, ол- көшелерде жарықтандыру жүйесі жаңаланды және де тозығы жеткен жолдар ағымдағы жөндеуден өткізілді. Елбасының жолдауы негізге алынып әлеуметтік мәселелер кезегімен шешіледі деп уәде етті әкім.

Нұрбақыт Иманқұлов, әл Фараби ауданының әкімі: «2011 жылы Айқап шағынауданында негізгі көшелер ағымдағы жөндеуден өтті. Тағы бір өзекті мәселе- жарықтаныдру жүйесі жаңаланды».

Соңғы жылдары әлемде етек жайған лаңкестік әрекеттер мен қоғамның дамуына кедергі болған сыбайлас жемқорлықтың баяндамада қамтылмағаны да тілге тиек  болды.  Азаматтар  әкімге тілегін де жасырмады. Мадақтау мен ұлықтаудан гөрі есептегі кеткен кемшілікті атап, халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған іс шараларға баса көңіл бөлу қажет. Жұрт осындай пікірмен тарқасты.