Шымкент мұнай өнімдерін өңдеу зауытындағы өрт күндізгі 2-лер шамасында орын алған.
«Зауыт жұмысшылары өрттің тұтануын 5 минутта өздері өшіруге атсалысты. Сол уақыт аралығында 4 өрт сөндіру көлігі жетіп келді»,-дейді «Петро Қазақстан Ойл продактс» зауытының техникалық директоры Сергей Пилипенко.
Өрт өзегі 20 минуттың ішінде ауыздықталды. Зауыт қалыпты жұмыс режиміне қайта кіріскен.
Шымкент мұнай өңдеу зауыты 1985 жылы алғаш рет пайдалануға берілген. Зауыттың жобалық қуаты жылына 6 миллион тонна деп белгіленген.