Шымкентте қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы мекемесінің ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқиға түнгі сағат 24 .20 минутарда орын алған. Түркістан көшесінде орналасқан ғимараттың бірінші қабатын тілсіз жау орады. Өрттің шарпыған аумағы 9 шаршы метрді құраған. Тілсіз жау дер кезінде ауыздықталды.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бөлім бастығының мәлімдеуінше, аса маңызды құжаттар жанбаған. Ал өртенген бірқатар құжаттардың электронды нұсқалары сақталғандықтан, оларды қайта қалпына келтіруге болады.
Алдын ала жасалған болжамдарға сүйенсек өрт ескірген электр желілерінен шықан. Өрттің шығу себептері тексеру аяқталғаннан кейін толық белгілі болмақ.