Жасыл алаңда алдымен Оралдан келген қонақтар Атыраулықтармен ұпай үшін таласқа түсті. Қос команда да Үміткер турниріне жалғыз мақсатпен келген. Ол-алдағы ел чемпионатына футболшылардың дайындығын байқау.
Бауыржан Баймұхамедов шымкенттік маман. Бүгінде ол «Ақжайықтың» қосалқы құрама командасын жаттықтыруда. Бапкердің басты жоспары оралдың жастарын алдағы республикалық турнирге дайындап, чемпионатта қажетті орын алу.
Бауыржан Баймұхамедов, «Ақжайық» ФК қосалқы командасының бас бапкері: «Бұл турнирге келудегі мақсатымыз орын алу емес, жастардың дайындығын байқау. Бүгінде команданың құрамы толығымен жасақталынған, енді сол ойыншылармен жұмыс жасауымыз қажет».
Премьер лига командаларының қосалқы құрамалары арасындағы «үміткер» турнирі осымен екінші жыл қатарынан өтуде. Биыл 12 команданың ойыншылары ептілігін байқатуға тырысуда. Оның 4 шымкенттік команда. №7 футбол мектебінің шәкірттері, жетісайдың жастары, «Биік» футбол орталығының құрамасы және Ордабасылықтар.
Евгений Шкарин, турнирдің бас хатшысы:
«Бұл жарыс жас футболшылар үшін және олардың бапкерлері үшін өте қажет. Өйткені ел чемпионатының басталуына аз ғана уақыт қалды. жарыс алдын сынап қалуға жақсы мүмкіндік. Әрине ауа райы қолайсыз болып тұр. Десек те еліміз бойынша ең жылы қазіргі таңда осы оңтүстік екені даусыз. Сол себепті жаттығу үшін де жақсы мүмкіндік»
12 команда екі топқа бөлінген. Жарыстың алғашқы ойынында Шымкенттік қос команда сынға түсті. 5-4 есебімен №7 футбол командасының шәкірттері ордабасылық жастарды жеңе білді.