Шымкентте 129 өрт гидранты жарамсыз

347

Мұндай ақпаратты «Су ресурстары маркетингі» ЖШС-не қарасты 1150 өрт гидрантына сараптама жасаған ТЖБ мамандары анықтаған. Кемшіліктерді жою туралы 24 рет ақпарат жолданды. Нәтижесінде «Су ресурстары Маркетингі» ЖШС-і үстіміздегі жылы 94 өрт гидрантарын жаңартуды жоспарлапты.

Жалпы Шымкент қаласының аумағанда 2080 өрт гидранты орналасқан. 134 өрт су қауызы бар. Өрт бола қалған жағдайда өрт сөндіру қызметінің ең басты қиындығы құбырлардағы су көлемінің тым аздығы. Оны мамандар су құбырларының диаметрлерінің кішірейтілгендігімен түсіндіреді.

Өткен жылы «Су ресурстары маркетингі» ЖШС-і 64 өрт гидрантын жаңартқан. Ал ТЖБ мамандары өрт сөндіру гидрантарының сапасына көңіл бөлмеген. 8 нысанның  басшыларына 105 мың теңге көлемінде айып салды.