Қылмыстық түзету жүйесінің қызметкерлері полицейлермен бірігіп, қаладағы түзету мекемесіне есірткі алып өтпек болғандарды құрықтады. Ұсталғандардан ірі көлемдегі марихуана тәркіленді.
Жоспарын жүзеге асырмақ болғандардың жасы 17 және 20-да. Олар қаладағы кафелердің бірінде ұсталды. Түзету мекемесіне есіркті немесе ішімдік алып кіру жағдайды алғаш рет емес дейді мамандар.
Серік Дүйсенов, 167/10 түзету бөлімі бастығының орынбасары: «Тексеру барысында күдіктілерден ерекше иісі бар айғақ табылды. Сот сараптамасы оның 1 килограмм 500 грамм марихуанна екендігі анықталды. Ұсталғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды».
Өткен жылы мұндай жәйт бойынша бірнеше факт тіркелген. Ал аталаған оқиға бойынша анықтау жұмыстары жүргізілетін болады.