Шымкентте ЖОО арасында спартакиада басталды

441
Ептілері Республикалық жарысқа жолданады

Волейбол залына әуесқой спортшылар шықты.  Жарыстың алғашқы кездесуінде «Отырар» институты Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттеріне қарсы тұрды. Бойжеткендеріміздің мақсаты оқу орнының намысын қорғап, спартакиаданың жүлдесіне ие болу. Бұл жолы «Отырардың» студенттері басымдылық танытып, 2:0 есебімен жеңіліс тапты.

Бұл жолы студенттер волейболдан бағын сынауда. 8 команда жиналған. Жарыстың ережесі бойынша екі топқа бөлініп, үздіктер анықталуда. Қалдыбай Атажанов — жарыстың бас төрешісі. Облысымызға белгілі волейболшы осы спартакиаданың қорытындысы бойынша епті спортшыларды анықтап, республикалық турнирге жолдайтын болады.

 Қалдыбай Атажанов, спартакиаданың бас төрешісі: «Бұл жарыс жастарға өте маңызды. Ең алдымен жеткіншектер арасында іріктелінген үздіктер универсиадаға жолданады. Салауатты өмір салтын сақтауға шақырамыз».

Жоғары оқу орындары арасындағы спартакиада үш күнге жалғасады.