Шымкенттіктердің 75 пайызы Ислам дінін ұстанады

391
діни ахуал

Шымкенттіктердің 75 пайызы мұсылмандар, 19 пайызы христиандар және қалғандары өзге сенім өкілдерін құрайды. Қалада 46 исламдық діни бірлестік пен бөлім тіркелген. Оның ішінде 44-і мешіт,  біреуі «Қазақстан қажылар қауымдастығы» республикалық діни бірлестіктің филиалы,екіншісі «Әл-Даркам» діни оқыту орталығы» діни бірлестігі.

Шымкентте 2 теологиялық оқу орны жұмыс жасайды:

1. Шымкент  ерлер медресесі (Шымкент қ. Рекордная көшесі, №4) Медреседе 125 ер бала білім алады.;

2. Шымкент әйелдер медресесі (Шымкент қ. Чапаев поселкесі, Аварийная көшесі, н\ү).  Бұл білім ұясында 75 қыз бала діни сауат ашуда.

Сондай-ақ Шымқалада 35 исламдық емес, діни бірлестіктер мен филиалдар тіркелген. Олардың арасында 5 православтық, біреуі католиктік, біреуі иудалық, біреуі бахаи, біреуі айшнав, 1-і мунна шіркеуі, 16 протестанттық, 6-уы пресверанттық, 2-еуі пятидесятниктер.