Қайта тіркеуден 47 діни бірлестік қана өте алды

ОҚО бойынша 721 мешіттің 51-і жойылады
ОҚО бойынша 721 мешіттің 51-і жойылады

Оңтүстіктегі 138 діни бірлестіктің 47-сі ғана қайта тіркеуден өтті. Тағы 7 бірлестіктің құжаттары сараптама үстінде. Бұл туралы ОҚО Әділет департаментінде болған баспасөз жиналысында айтылды. Еске салайық, осыдан бір жыл бұрын «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң жобасын талқылау барысында елдегі барлық діни бірлестіктер қайта тіркеуден өтетіні жайлы айтылған болатын.

Қайрат ЛАМА ШӘРІП, ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы: «Бізге керегі осы. Заң қабылданғаннан кейін барлық 4500 діни бірлестіктің діни бірлестік пе, әлде секта ма, жоқ қандай ағымдардың жарғылары, уставтары, соларды түгел тексеруге мәжбүр болып отырмыз. Сонда ғана біз олардың жаңағы айтқан дәстүрлі, дәстүрлі емес, динаминация сияқты мағынасын біле отырып, олармен жеке-жеке жұмыс істеуге мүмкіндік аламыз».

25-қазанда құжаттарды қабылдау ісі аяқталып, 47 діни бірлестік тиісті куәлігін алса, тағы да 10 діни бірлестіктің құжаттарында кемшін тұстардың шығуына байланысты олар қайта қаралу үстінде. 2 діни бірлестік (1-ислам, 1-пресвитериандық) өз еріктерімен жойылды. Ал сот шешімі негізінде таратылатын 79 діни бірлестіктің 63-і өз еріктерімен жойылатыны жөнінде Әділет департаментіне хаттар жіберілген. Дәл қазіргі таңда осындай 4 діни бірлестіктің құжаттары таратылуға түсіпті.

Қалған 79 діни бірлестіктер қайта тіркеуге құжаттарын тапсырмауы себепті таратылуыға жататындықтан сот арқылы жою жұмыстары жүргізілуде. Оның себептері келесідей: 1) Әрекетсіз деп танылғаны – 12

2) Діни бірлестік ретінде қайта тіркеуден өтуге ынталы топ мүшелерінің 50 азаматқа жетпеуінен қайта тіркеуден бас тарқандары – 24

3) Ислам бағытындағы жоюға жататын діни бірлестіктер қатарынан ҚМДБ филиалдары ретінде тіркеуден өткені 42

Батырбек ЖАЛМҰРЗАЕВ, ОҚО Діни істер департаментінің директоры: «Жұмыс істеп жатқан 70 Исламдық діни бірлестік жабылып қалды деген түсінік болмауы керек. Былайша айтқанда, ол бірлестіктер іс жүзінде болмаған да. Яғни, жұмыс істемеген. Көпшілігі ҚМДБ-ның филиалы болып кеткен. Ал бұрынғы діни бірлестік ретінде тіркелген құжаты қалып кеткен. Енді олар Әділет департаментінен шығу үшін, Заңды тұлға ретінде жабылу үшін Әділет департаментінің ұсынысымен жабылатын болады».

Оңтүстіктегі 138 діни бірлестіктің 70-і Исламдық, ал 68-і Исламдық емес бағытта. Әділет департаментінің мамандары жұмысы тоқтатылатын діни бірлестіктерді еліміздің діни басқармасына қарасты мешіттермен шатыстырмауды сұрайды. Діни бірлестіктерді қайта тіркеуден өткізу барысында ғибадат үйлерінің де жағдайы ескерілген. Ғибадат үйлеріне қатысты айтар болсақ, Исламдық емес бағыттағы бірлестіктердің 21 филиалы жойылатын болады.

Оңтүстікте ҚМДБ-на қарайтын 721 мешіт болса, 670-і қайта тіркеуден өте алған. Әділет департаментіндегілер қалған 51 мешіттің жойылатынын айтады. Ғимараттың тозуы немесе сол елдімекендерде жаңадан тұрғызылған мешіттердің болуы осындай шешім қабылдауға негіз болған. Айтпақшы, жойылатын 51 мешіттің 10-ны намазхана ретінде жұмысын жалғастыратын болады.

Батырбек ЖАЛМҰРЗАЕВ, ОҚО Діни істер департаментінің директоры: «Егер 51 мешіт жабылатын болса, қарапайым жамағат мешітсіз қалады деген сөз емес. Облыста жақын арада тағы да 80-нен астам мешіт Әділет департаментіне тіркеуге тұрғығызылайын деп жатыр.  Сондықтан халықтың пікірінде қайта тіркеудің нәтижесінде мешіттерді азайтып жіберіпті деген ұғым болмау тиіс».

Әділет департменті қайта тіркеуден өту үшін енді құжаттар қабылданбайтынын айтады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=5wBQc1JCfoc[/youtube]