Шымкенттік «Ордабасы» футболшылары 100 мың еуродан құр қалды

166

Шымкенттік «Ордабасы» Ахмат Хаджи Кадыровтың кубогі үшін таластың үшінші турын сәтсіз аяқтады. Ригалық Даугавадан 1-2 есебімен жеңіліс тапты. Осылайша оңтүстіктің құрамасы үш кездесуін де жеңіске қол жеткізе алмады.

Нәтижесінде өз тобында соңғы орыннан көрініп, жарыстан шет қалды. А тобында румынияның «рапид» командасы көш бастады. Енді ақпанның үші күні ақтық ойында «Рапида» харьковтың  «Металлистімен» бас жүлде үшін таласқа түседі. Жарыс жеңімпазы 100 мың евроға ие болады.