Шымкенттік «Ордабасы» Ахмат Хаджи Кадыровтың кубогі үшін таластың үшінші турын сәтсіз аяқтады. Ригалық Даугавадан 1-2 есебімен жеңіліс тапты. Осылайша оңтүстіктің құрамасы үш кездесуін де жеңіске қол жеткізе алмады.
Нәтижесінде өз тобында соңғы орыннан көрініп, жарыстан шет қалды. А тобында румынияның «рапид» командасы көш бастады. Енді ақпанның үші күні ақтық ойында «Рапида» харьковтың «Металлистімен» бас жүлде үшін таласқа түседі. Жарыс жеңімпазы 100 мың евроға ие болады.