Сырдария жиырма алты ауылға қауіп төндіріп тұр

Сыр өзені бойында орналасқан 26 елді мекенді су басу қаупі тұр. Шымкентке ресми іс-сапармен келген Төтенше жағдайлар және Ауыл шаруашылығы Вице-министрлері Сырдария өзенінің сағасын ұшып өтіп, ахуалмен жақынырақ танысу барысында осыған көз жеткізді. Қазір Сырдария өзенінде мұз Оңтүстік Қазақстан облысының солтүстігіндегі Сарыкөл елді мекені тұсынан бастап көрші облыс шекарасына дейін қалыптасқан. Өзендегі мұз жабындысының қалыңдығы 15 см-ден асқан. Демек, күн райы күрт жылынса, Сырдария өзенінде сең жүру мерзімінің басталуы және оның ұзаққа созылуы мүмкін. Вице-министрлер қазір осы мәселе бойынша жағдаймен жақынырақ меңгерді.

ЖАНБОЛАТ СМАЙЫЛОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
«Оңтүстік Қазақстан облыстарында дамбалар құрып жатырмыз. Көпірлердің маңайын бекітіп жатырмыз. Жаңағы құм, тас солардың бәрін дайындап, бүгін бригадалар өтіп, әрбір облыс әкімдері дайындалып жатыр».

Десек те мамандар елді мекендерге қауіп төнген жағдайда Көксарай су реттегіші құтқарып қалады деп отыр. Қазір онда екі миллиард текше метр су бар болса, қосымша тағы 1 миллиард текше метр су қабылдауға шамасы бар.