Сырдария өзенінде суға батып кеткен тағы бір адамның денесі табылды

275

Отырар ауданындағы Сырдария өзенінде суға батып кеткен  тоғызыншы адамның денесі табылды.

Облыстық ТЖД мәліметінше, құтқарушылар бүгін сағат 12.25-те 25 жастағы адамның денесін судан алып шыққан. Қазіргі таңда суға батқан 11 адамның 9-ының денесі табылды. Оның үшеуі әйел, алтауы кәмелет жасына толмаған бала. Марқұмдардың барлығы бір әулеттің адамдары. Олардың ең үлкені – 40 жаста болған.

Кәмелет жасына толмаған тағы 2 баланың денесін іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Оқиғанын мән-жайын Түркістан облысының Полиция департаменті анықтауда.

Еске салсақ, 21 тамызда кешкі сағат 6-лар шамасында Отырар ауданы Көксарай ауылынан 3 шақырым жердегі Сырдария өзенінде ағайынды төрт отбасының 11 адамы суға батып кеткені туралы белгілі болды.