Тәуке хан даңғылы мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы жылу жүйелерінде апат орын алды. 22 ақпан күні болған оқиғаның салдарынан 40-қа жуық үй жылусыз қалды.
Автокөлік жолында қазір 3 Жылуэнергоорталығының мамандары жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Құдықтардан ыстық судың атқылауына байланысты өрт сөндіру қызметінің мамандары да жұмылдырылды. Су өзге құбырға жалғанып, жылу берілетін болады.
Тауке хан даңғылы №8 үйдің төрайымы Любовь Павловнаның айтуынша, кешкі сағат жетіден бастап құбырлар суи бастаған.Ол мезетте қиылыстағы құдықтардан бу шыққанын тұрғындар көрген. Апаттың алдын алу сол кезден басталыпты.