Тәттіні молынан пайдаланып, сымбатты мүсініңізді жоғалтпауға мүмкіндік бар

377

Париждің атақты аспазы Шымкентте дәмі тіл үйірер тағамын көпшілікке ұсынды. Қаламыздағы «Мадлен» кондитерлік дүкендер желісінің аспаздары да ерекше дәмдегі тәттіні жасауды үйренді.

Дәмді әрі құрамы пайдалы дәруменге бай. Әлемдік атауы Валентина Штефаньоның макорон атты кондитерлік тәтті нандарды ойланбай-ақ қалауыңызша жей беруіңізге болады. Француз тағамы адамды семіртпейді.

Валентина Штефаньо: «Бір қуанғаным сіздерде қыстың күні де қарақат жемісі көп екен. Оны тәтті нандарға қосу қандай керемет. Дәмі жақсы болады. Тағы бір айта кетерлігі мұндағы аспаздар өте ерекше сәндейді екен. Ал бұл өз кезегінде сатып алушылардың санын арттырары сөзсіз».

Францияда дәмді тағамдарымен танылған Ужгородтың түлегі Шымкентке арнайы шақыртумен келді. Бір аптадан бері Мадлен кондитерлік жүйесінің аспаздарын шеберлікке үйретуде. Бәрінен бұрын сұлулық қаласынан келген қонақты Шымкенттіктегі әрбір тағамның көлемі таң қалдырды.

Шымкенттің қай кондитерлік дүкеніне барсаңыз да сөрелерде тәтті нандардың көлемі үлкен. Францияда аспаздық мәдениет мүлдем басқа. Мен ұзақ уақыттан бері Батыста тұрғандықтан көргенде бірден таң қалдым. Үлкен тәтті нанды сатып алып, оны жеп тауыса аламын ба деп ойлаймын мұнда. Бірақ сіздерде тәттіге міндетті түрде шәй алатын дәстүрлеріңіздің бары ұнады.

Шымкенттегі дәмі тіл үйірер тағамдардың көлемінің өзгеше болуы Мадлен кондитерлік жүйесінің аспаздарының ерекше шеберлігі. Мұндай тәтті сыйлық қалалықтарға және қонақтарға дайындалды.

Елена: «Қалалықтарды үш бірдей мереке қарсаңында қуантқымыз келді. Әулие валентин күні, ерлер мерекесі және 8 наурыз әйелдер мейрамы. Әдеттегідей Мадлен қалалықтарды тәттілерімен қуантады. Бұл жолғы ерекшелік Француз аспазының тағамы болып отыр».

Француз тағамынан мұнда келгендердің барлығы дәм татты. Көңілден шықты. Тәттіге тойып, соңынан ауырлық сезіну деген болған жоқ. Демек бұл аспаздың шеберлігі.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=dmcxFjrcLuM&list=UUfxVhVdN9E8mkrN50DjJYFg&index=11&feature=plpp_video[/youtube]