Төтенше жағдайлар министрлігінен арнайы құрылған комиссия тікұшақпен 5 ауданды аралап шықты. Бұл су тасқыны бойынша орын алған ахуалға нақты баға беру үшін қажет болды. Қазығұрт, Сарыағаш, Отырар, Ордабасы және Түркістан аудандарын аралау барысында ондағы жағдайдың тұрақты екені байқалды. Бірақ солтүстік аудандарда қауіп сейілмеген.
ВАЛЕРИЙ ПЕТРОВ, Төтенше жағдай вице-министрі: «Комиссия құрамында ОҚО Төтенше жағдай департаментінің басшылығы, су шаруашылығы комитетінің өкілдері бар. Оңтүстік аудандарда қар еріп бітті. 10-15 пайызы ғана қалған. Ал солтүстік аудандарда жағдай қиынырақ. Бірақ, ол жақтағы жеке құрам төтенше жағдайға дайын».
Отырар ауданында 102 үй мен 300 аулаға су кірген, ал 5 үй мен 26 шаруа иеліктері қираған. Барлығы 2465 үй тексеруден өткен. Найман арықта жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Шымкенттегі Забадам ауылындада жұмыс жалғасуда. Онда арық тазалануда. 112 орамда Акация мен Сарыағаш көшелерінде еріген қар суы сорылып алынса, Самал-3 те Қошқар ата арығытереңдетілуде.