Өңірімізде орын алған жағдайға байланысты ТЖ министрі Владимир Божко Оңтүстікке іс-сапармен келе жатыр. Ол тілзсіз жаумен күресу бағытында атқарылып жатқан шараларды бақылайды.
Еліміздің орталық, батыс және шығыс аймақтарында бір аптадан бері күн күрт жылынған ауа райы жауын шашынды көбейтіп, үйлерді қиратты. Темірланда бүгінгі күнде бірнеше көше суға толды. Осыған байланысты жағдай қатаң бақылауда болатынын жеткізді министр.
Қауіпті аймаққа енетін Қазығұрт, Сарыағаш, Арыс, Отырар, Ордабасы, Түркістан аудандарын тікұшақпен бақылау жоспарда бар.