Жәрмеңкеге келгендердің басым бөлігі зейнеткерлер. Қаржысын 5-10 теңге болса да үнемдемек болған олар апта сайын шаруалар ұсынған жермеңкеден қалмауға тырысады. Қай шаруаның қандай өнім әкелетінін де біледі. Райхан апаның бұл жолғы жәрмеңкедегі бағаға көңілі толмады. Мұндағы азық-түлік бағасы, әсіресе еттің құны базармен бірдей дейді зейнеткер. Еттің келісі 1100-1200 теңгеден саудаланды.
Райхан Сенбекова, зейнеткер: «Өткен жолы арзан еді, бұл жолы қымбат. Біз зейнеткерлер сәл де болса 5-10 теңгемізді үнемдесек дейміз. Етке келіп едім 1200 теңге, нашарлауы 1100 теңге деп тұр. Жемістер де базардағыдай баға».
Жәрмеңкеге Алматы, Жамбыл облыстары және өзіміздің өңірдің Сарыағаш, Ордабасы аудандарының шаруақожалықтары еккенінің жемісін көруге келген. Ынтымақ шағынауданының Жәнібек шаруа қожалығынан келген Мұрат Ирисов 5 гектар жерге картоп, сәбіз еккен. Жәрмеңкеде оның тұрақты сатып алушылар бар.
Мұрат Ирисов, шаруа: «Өзіміз егеміз, әкеліп сатамыз. 5 гектар жерге еккенімізді алып келіп отырмыз. Келілеп пе, ақпатап ала ма бізге бәрібір. Клиентіміз бар».
Біздің байқағанымыз әлеуметтік бағада сатылып тұрған өнімге сұраныс көп емес. Картоп-50 теңге, күріш 130, пияз 40. Сауда қатарларында алма бағасы 180 -200 теңге төңірегінде. Тауық 430 теңге шамасында болды.