Жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілер де әкімшілік жазаға тартылады

415
рейд МАй

Шымкент қаласының көшелерінде жолды кез келген тұстан кесіп өтсеңіз әкімшілік жазаға тартыласыз. Бұған дейін тек үгіт насихат пен ескерту жасап келген құқық қорғаушылар енді сөзден іске көшкен сыңайлы. Жаяу жүргіншілерге де, жүргізушілерге де заң бірдей деген МАИ қызметкерлері бүгін Тәукехан даңғылы бойында рейд жүргізді. Нәтижесінде ереже сақтамаған бірнеше азаматқа алғашқы шара да көрілді.

Тәуке хан даңғылынан әрлі-берлі зымыраған көлік жүргізушілері, аялдамада тұрған жолаушылар да МАИ қызметкерлерінің бүгінгі әрекетіне аң-таң.  Автокөліктердің ереже бұзбауын қадағалаушылар жаяу жүргіншілерді жүгендеуге кірісті. Себебі, олар жол ережесінің 37-бабын бұзды. Мамандардың айтуынша, көшенің кез келген жерінен өтуге жас та, кәрі де бейім. Бүгін МАИ қызметкерлерінің құрығына іліккендердің басым көпшілігі М.Әәуезов атындағы ОҚМУ-нің студенттері. Олар бұл әрекетері үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл төлейтін болды. Яғни, 8 мың теңгеге жуық қаражат.

Әрине жол ережесін қатаң сақтауға жаяу жүргіншілерді де үйрету тек МАИ қызметкерлерінің құзыры десек қаталесеміз.  Кештеу болса да қолға алынған ережені сақтауға қоғам болып жұмылуымыз қажет.