86 бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайтын 1218 автобустың 440-на арнайы GPS қондырғысы орнатылады. Қала бюджетінен бөлінген 30 млн. теңгеге барлық қондырғылар алынып, бүгінге дейін 80 автобусқа орнатылды. Яғни, 4 көлік компаниясының басшылары бұл қондырғылар арқылы кез-келген уақытта автобустардың қайда жүргенін біле алады. Сондай-ақ, қала әкімдігінің ғимаратында отырған диспечерлер де қондырғы қойылған автобустарды экраннан қадағалай алады.
Қаладағы барлық автобустарға осындай қондырғы орнату үшін әлі 40 млн. теңге қаражат қажет. Ол биылғы бюджетен бөлінеді деген жоспар бар.
Қондырғы орнатумен айналысып жатқан мамандардың мәлімдеуінше, көлік компанияларының басшылары автобустарына осындай қондырға орнатуды аса құптамайды екен. Содан да болар жұмыс барысы баяу.