Қазығұрт ауданының полицейлері жылқы ұрлағандарды құрықтады

324

Қазығұрт ауданының полицейлері ізін суытпай 3 жылқы ұрлағандарды ұстады.

Қазығұрт аудандық ІІД-нің кезекші бөліміне 49 жастағы жергілікті тұрғын хабарласқан. Ол өз ауласынан белгісіз адамдардың 2 жылқысын ертіп әкеткенін хабарлаған. Олар 2 миллион теңге шамасында шығын келтірген.

Оперативтік-іздестіру шаралары барысында аудандық ІІД-нің қызметкерлері 3 күдіктіні ұстаған. Олар 18, 20 жасар жігіттер болып шықты. Екеуі Қазығұрт, Бәйдібек аудандарының тұрғындары, біреуі 1984 жылы туылған алдын, кісі өлтірген Өзбекстан азаматы болып шықты.

Күдіктілердің айтуынша, кешқұрым ауласына кіріп, қорадан 2 жылқыны ертіп кеткен. Айғақтық зат ретінде 2 ат алынып, ол иесіне қайтарылған. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айыпталушылар қамауға алынып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.