Қазығұрттық келіншек күйеуінің көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген

313

Отбасының берекесін сақтап қалуды Қазығұрт ауданының 34 жастағы тұрғыны күйеуінің көңілдесінің көзін жою арқылы шешуді жөн көріпті. Оқиғаны жүзеге асыруды үш адам жоспарланған. Тапсырыс беруші адам өлтірушіге алдын-ала 500 доллар сыйақысын де берген.

Екі жақ ақпан айында өзара келісімге келген. Жоспар бойынша адам өлтіруші тапсырыс берушінің күйеуінің көңілдесін 2 мың долларға көзін жоймақ болған. Араға тағы делдал келіп қосылады.

Делдал: «Әсел маған бір күні звондап, Баха маған тезарада 500 АҚШ долларын тауып берші дедй. Мен білмеймін деген едім, жылады. Осы бір тірлік бар еді айналыспайсың ба деген едім, солай телефон номерін бердім. Екеуі ары қарай не істегенін білмеймін. Бірақ Феруза оған 500 доллар апараып беріпті. Кейін 218 мың әкеліп санап берді».

Тапсырысты орындаушы азаматша қылмысқа бармай, керісінше былықтың бетін ашуға құқық қорғаушыларға өз еркімен барып, жоспарланған оқиғаны баяндап береді. Сол күннен бастап мамандар тапсырыс берушінің ізіне түседі. Нәтижесінде 17-наурыз күні ол құрықталады.

Нуриддин Дауылбаев, ОҚО ІІД тергеу басқармасының бастығы: «Кісі өлтіруге тапсырыс берген азаматша ақша тауып беретіндігін айтқан. Екі әйел кездесіп, 2 мың АҚШ долларына істі тындыратындығына келісілген. Толық мекен жай ақпарат алынған».

Заңды некедегі әйел күйеуінің көңілдесі бар екенін ұзақ уақыттан бері біліп келген. Ал өзін Дон Джуан санайтын азаматтың екі әйелде екі баладан 4 баласы болып шықты. Некедегі жары оның мұндай жәйтке қадам басуына әлгі азаматша кінәлі деп санап отыр.

Ұсталған тапсырыс беруші: «Мен күйеуімнің екінші әйелі, ойнасы бар екенін білгенмін. Үйленгеннен кейін мойынсұнған едім, көндім де. Күні кешеге дейін қабылдадым. Бірақ кейінгі кездері қайта-қайта телефон шалып, жанұямның шырқын бұзды. Содан кейін өлтіруге тапсырыс бердім. Жанұямды сақтап қалу үшін осындай қадамға бардым. Бірақ, онан кейін де көңілім жай таппады. Қуану болған жоқ. Ааласапыран күй кештім. 2 баласының көз жасы елестеп, қысылып қалдым».

Полицейлер тыңғылықты жұмыстарының нәтижесінде ауыр қылмысты алдын алды. Тәртіп сақшылар тапсырыс берушіні сендіру мақсатында жәбірленушінің қанды суретін дәлел ретінде көрсеткен. Бүгінде ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 24-96 бабы «Адам өлтіруге оқталу» бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергелуде.