Шымкентте көлік ұрлау фактісі көптеп тіркелуде. Погондылар мұнымен күресуге қанша әрекеттенсе де, қылмыстың азаяр түрі жоқ. Көлікті айдап әкетуге тұрғындардың өздері де кінәлі. Темір тұлпарында кілтті қалдырып, қараусыз тастап кете береді. Жуырда полицейлер мойнында ондаған ұрлықы көлік бар аты шулы ұрыны қолға түсірді.
Абай аудандық ПБ-нің қызметкерлері 19 жастағы жас жігітті құрықтады. Оның моинында бүгіннің өзінде 20 қылмыс бар. Полицейлер бұл көрсеткіш әлі өсуі әбден мүмкін деиді. Жас жігіттің қолымен жасалған соңғы қылмыс опель автокөлігін қолды етумен аяқталды.
Ұсталған азамат көбіне автокөліктерден бағалы заттар алып кетіп жүрген. Немесе көлікті ауладан аидап әкетіп, көзден таса жерде қажетіне жарамдысын жымқырған. Бозбала кейде қызу қандылығын жасап, ұрланған көлікпен керек жерін шарлап шыққан соң кез-келген жерде тастап кете салады екен.
Ұсталған: «Мен түнде шығатын едім. Көлікке жәимен ғана жақындап дыбыс құралының бар жоғын біліп алып іске кірісетінмін. Ол құрал болса басқа көлік іздеимін. Кеи кезде көліктің замогында кілт қалған жағдаилар да кездеседі.Тағы бірінің жүк салғышын ақтарып жатқанда көліктің кілтін таптым. Осылаиша көліктерді оңаи аидап кеткен кездерім болды».
Осы сияқты әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілерге 1 жарым млн. теңгеден астам шығын келтірілген. Қазір күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.