51 жастағы әйелдің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

224

Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 51 жастағы әйелдің өліміне қатысы бар күдіктіні ұстады.

Қылмыстық оқиға 14-ші наурыз күні кешкісін Республика даңғылында орналасқан үйлердің бірінде орын алған.

Кезекші бөлімге әйелдің 33 жастағы ұлы анасының мәйітін пәтерден тапқаны туралы хабарлап айтқан. Қаза болған азаматша буындырылып, содан соң жүрек тұсына пышақ сұғылып өлтірілген болуы керек. Тұрғын үйде әйелдің 2 жастағы немересі де болған. Адам өлтіруші кетерінде көгілдір газды барынша ашып кеткен. Бақытқа орай қызды құтқару мүмкін болды. Ол қатты уланған.

Тексеру барысында пәтерден қымбат бағалы ұялы телефон жоғалғаны белгілі болды. Араға 10 күн салып полицейлер 28 жастағы Төле би ауданының тұрғынын ұстады. Одан қайтыс болған азаматшаның телефоны табылған.

Ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.